Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп жазады «Хабар» арнасы. Халықаралық ұйым мұндай тұжырымға әлемнің 91 еліндегі ауа сапасын тексергеннен кейін келді. Аталған тексеру дүние жүзі бойынша 1600 қала мен елді мекенде жүргізілген. Мамандардың мәлімдеуінше, Үндістан астанасы Нью-Делидің ауасындағы көлемі 10 микрон болатын лас бөлшектер мөлшері 1 куб метрге 153 микрограмды көрсеткен. Алайда аталған қаланың билік өкілдері бұл көрсеткішпен мүлде келіспейді. Олардың осыған қатысты келтірген деректеріне сәйкес, қаладағы оттегінің ластану деңгейі 1 куб метрге 110 микрограмды ғана құрайды. Ал ғалымдардың мәлімдеуінше, ауаның тіпті осындай мөлшерде лас болуының өзі мұндағы тұрғындардың денсаулығы үшін қауіпті. Себебі бұл кезде жүрек пен тыныс жолдарының созылмалы ауруларымен науқастану қаупі артады. «Олардың арасындағы ең қатерлісі - өкпе обыры», - дейді дәрігерлер.