Ең табысты боксшылар рейтингінде Головкиннің орны өзгермеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналының сайты салмақ дәрежесіне қарамайтын үздік боксшылардың арасындағы ең табыстылары рейтингісінің жаңа нұсқасын жариялады (pound-for-pound), деп хабарлайды Sports.kz .

Рейтингте мексикалық Сауль Альварес көш бастап тұрса, екінші орында қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин, одан кейін британдық Энтони Джошуа тұр.

«Головкин ақыры өзінің ең табысты айқасына - Альвареспен жекпе-жекке қол жеткізді, сондай-ақ үстеме берілетін PPV сатылымы мен барлық ілтипатқа ие болады. Golden Boy Promotions иесі Оскар Де Ла Хойя бұл айқастың PPV сатылымынан 3 миллионға жуық қаржы түсіретініне сенімді», - делінген жазбада.