АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметте 2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар таныстырылғаннан кейін ұйымдастырылған баспасөз конференциясында ең төменгі жалақыны көтеру жөнінде мәлімдеме жасады.
– Ең төменгі жалақы мөлшерін көтереміз. Бірақ қаншаға екенін қазір айта алмаймыз. Бәрі бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты. Қазір 2027 жылдың бюджетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ал 2025 жылдың деректер статистикасы биыл 1 тамызда шығады. Онымен 2026 жылдың жарты жылындағы статистиканы қоса есептеп, осы деректер негізінде 2027 жылы бюджетке қанша кіріс түсетіні жөнінде болжам жасаймыз. Соның арқасында ең төменгі жалақы мөлшерін қаншаға арттыруға болатыны анықталады, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ең төменгі жалақыны көтеру туралы түпкілікті шешім қашан қабылданатынын жазғанбыз.
Алпамыс Файзолла
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де қазақ тілі мен әдебиеті бойынша магистратураны бітірген. Сондай-ақ, Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратурада оқыған. Республикалық телеарналарда қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.