Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы қаңтарда 105,5 пайыз, ал нақты жалақы индексі 101,0 пайыз болды.
«Салалық құрылымда ең жоғары жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 207,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде - 197,8 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде 179,2 мың теңгеге белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде - 52,5 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8 пайызға төмен»,-делінген ҚР Статистика агенттігі мәліметінде.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді - 194,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 71,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,4 пайызға төмен.