Аталмыш тізімді құрушылардың 4 тамыз күні жария еткен ақпаратына сәйкес, өткен 12 ай ішінде 50 жастағы бұл актрисаның табысы $51 млн. құраған. Forbes сарапшыларының қорытындысы бойынша, оның қаржылық табысқа жетуіне «Гравитация» (Gravity, 2013) фильмі зор ықпалын тигізген. Айта кетейік, картинаны американдық продюсерлердің бір тобы 2013 жылғы ең үздік туынды деп таныған болатын. Қазіргі таңда фильмнің прокаттағы табысы $716 млн. жеткен. «Буллок бұл фильмдегі рөлі үшін «Оскар» сыйлығын алмаса да, салтанатты шарада қомақты қаржылай марапаттарға ие болды», - деп хабарлайды Forbes. Соның нәтижесінде актриса өткен жылғы жетінші орнынан бірінші орынға бір-ақ көтерілген. Қалтасының қалыңдығы жағынан екінші орынды 23 жастағы актриса Дженнифер Лоуренс (оның табысы $34 млн.), ал үшінші орынды 45 жастағы Дженнифер Энистон ($31 млн.) алады. Гвинет Пэлтроу мен Анджелина Джоли төртінші және бесінші орындарды иеленіп, сәйкесінше олардың табысы $19 млн. және $18 млн. құрады.
00:49, 05 Тамыз 2014
Ең жоғары жалақы төленетін Голливуд жұлдызының есімі анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Forbes журналының мәліметінше, биылғы тізімінің ең басында жоғары жалақы төленетін Голливуд актрисасы ретінде Сандра Буллоктың есімі тұр.