Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ақпараты бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. «Жалынды ауыздықтау үшін ҚР ТЖМ Алматы төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің жеке құрамындағы 57 қызметкері мен 19 техника жұмылдырылды», - деп аталып өтілген баспасөз қызметтің таратқан ақпаратында.
10:24, 07 Қазан 2010
«Еңбек Алматы» РМК макарон және жиһаз цехтарының ғимаратында түнде өрт болды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - «Еңбек Алматы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының макарон және жиһаз цехтарында сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні ірі өрт оқиғасы болды, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.