«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылы келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз, жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін азайту; өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың үлесін 15-тен 9 пайызға төмендету«, - деді вице-министр.
Оның айтуынша, осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін және бағдарлама тетіктерін одан әрі жетілдіру, тиімділігін арттыру мақсатында «Еңбек» бағдарламасына жыл аяғына дейін тиісті өзгерістер енгізілмек.