Еңбек демалыстарының маусымы валюта бағамына әсер етіп жатыр – Ұлттық банк
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне доллардың теңгеге шаққандағы бағамы неге құбылып тұрғанын бастағанын айтты.
— Негізгі факторлар — жазғы еңбек демалыстарының басталуына байланысты жеке тұлғалардың шетел валютасына сұранысты арттыруы. Екінші елеулі фактор — бюджеттік және квазимемлекеттік бағдарламаның іске аса бастауы. Бюджет процедуралары және мемлекеттік сатып алу процедураларымен байланысты бекітілген ақша бюджет әкімшілеріне маусым айында жетіп, жұмсала бастайды. Қазір инвестициялық бағдарламаларды іске асыру басталды. Оның көбі қондырғылар, қосалық бөлшектер алумен байланысты, — деді Тимур Сүлейменов.
Айтуынша, осы фактордың бәрі валюта саудасын қыздырған.
— Біз валюта бағамы әрі қарай да өсетінін көріп отырған жоқпыз. Болжам бере алмаймыз, бірақ негізгі екі факторды атадым. Экономикамыз өсіп жатыр, ал сыртқы факторды ешкім болжай алмайды, — деді Ұлттық банк басшысы.
Айта кетейік, бүгін Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 — 522 теңгеден сатылып жатыр.