Автордың айтуынша, еңбек демалысында адам миындағы дофамин гормоны артады. Бұл гормон жақсы көңіл күйге әсер етеді.
«Нидерландыдағы қолданбалы ғылым университетінің мамандары еңбек демалысы екі аптадан аспау керектігін айтты. Олар жүргізген зерттеуге мыңдаған турист қатысқан. Екі аптадан асқан еңбек демалысы адамға ләззат сыйламайды», дейді автор.