«Жыл басынан бері Еңбек және көші қон департаментіне «мүгедектікті белгілеу» мемлекеттік қызметін алу үшін 6 мыңнан астам адам барған. Олардан ХҚО-дан мекенжай анықтамасын әкелуді заңсыз талап еткені анықталды. Қазіргі заңнамаға сәйкес, уәкілетті орган өзінің ақпараттық жүйелерінен керекті мағлұматты өзі ала алады», - деп хабарлады департаментте.
Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, мұндай санаттағы адамдардың өз бетінше қимылдауы қиын және анықтама жинау оларға айтарлықтай күш түсіріп, әуре-сарсаңға салады.
«Қостанай облыстық ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің арқасында заңсыз мекенжай анықтамасын талап ету әрекеті тоқтатылды», - деп хабарлады ведомствода.