Еңбек еткен ұлт қана табысқа кенеледі - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
«Экономиканы ауқымды түрде әртараптандыру үшін инвестициялар қажет. Сол үшін біз 9 арнайы экономикалық аймақ құрдық. Онда инвесторлар, бизнесмендер үшін айтарлықтай жеңілдіктер болмақ. Сондықтан да, қазақстандықтар жұмыс істеулері керек. Сол арқылы өздеріңе ғана емес, мемлекетке де жәрдемдесесіңдер. Біз осыған шақырамыз», - деді Елбасы.
Сонымен қатар, Президент ауқымды құрылыстарды жүзеге асыру арқылы жаңа салалар да Қазақстанда өмірге келетінін атап өтті.
«Бәсекеге қабілеттілік - аса маңызды мәселе. Әлем дағдарыстан әлі айыққан емес. Ендеше алда не күтіп тұрғанын ешкім де айта алмайды. Бірақ, бір белгілісі - біз барлық қатерлерге әзір болуымыз керек. Біз өткен дағдарыстан жаңарып шықтық, енді кез келген дағдарыстан да солай шығуға тиіспіз. Бұған біздің еңбегіміз, біздің бірлігіміз кепіл бола алады. Еңбек еткен ұлт қана табысқа кенеледі», - деді Елбасы.