АСТАНА. KAZINFORM – Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау кезінде мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушінің бірқатар құжатын тексереді. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары Мұрат Шәкенов мәлімдеді.
Тексеру барысында еңбек шарттары мен жұмыс берушінің актілері, жұмыс уақытының есебі, еңбекақы төлеуге қатысты құжаттар және лауазымдық нұсқаулықтар қаралады.
– Мемлекеттік бақылау кезінде еңбек шартын дұрыс рәсімдемеу, оны жасасу немесе өзгерту тәртібін бұзу фактілері анықталуы мүмкін. Сондай-ақ еңбек қатынастарының нақты жағдайларын құжаттарда дұрыс көрсетпеу, жұмыс уақыты мен еңбекақыға қатысты талаптарды сақтамау да назарға алынады, - деді ведомство өкілі.
Мұрат Шәкеновтің айтуынша, еңбек шартын заң талаптарына сай рәсімдеу қызметкердің құқықтарын қорғауға, тараптардың міндеттемелерін нақтылауға және еңбек дауларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін қызметкер үстеме жұмысқа шықса, қанша ақы алуы тиіс екені жөнінде жаздық.
Назерке Сүйіндік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ұлыбританиядағы Sussex университетінде магистр дәрежесін алған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің саясаттану мамандығы бойынша PhD докторанты. Бұған дейін BAQ.kz, Strategy2050.kz, QazaqTimes.kz секілді ақпараттық платформаларда жұмыс істеген. Қазір «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі. Халықаралық саясат, дипломатия, медиа, ақпараттық саясат және қоғамдық-саяси мәселелерді тұрақты түрде жазып келеді.