Еңбек қауіпсіздігі: жазатайым оқиға аз болатын ұйымдарға сыйақы тағайындау ұсынылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев 2019 жылдың алғашқы жарты жылындағы орталық қызметін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынанбері Нұр-Сұлтан қаласында өндірістік апатқа қатысты 28 оқиға тіркелген және 7адам бақилық болған.

«Қайғылыоқиғаларды тексере келе, травматизмнің басты себебі – жұмыс берушілердіңсалғырттығы екенін анықтадық. Олар жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған,қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігін түсіндірмеген, қолданыстағы техникаларыескірген. Жарақат оқиғасы жиі болған ұйымдарда кәсіподақтар болмаған», - дедіТ. Есентаев Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақтар орталығында өткен баспасөзмәслихатында.

Оныңайтуынша, жазатайым оқиғалар қосалқы мердігерлер жұмысында жиі болады. Себебі,қосалқы мердігерге тапсырылған жұмыс көлеміне ғана ақша бөлінеді де,қауіпсіздікті сақтау, еңбек келісімшарттарын ұстануды ешкім қолға алмайды. Осыорайда, елордалық кәсіподақтар орталығы бар жауапкершілікті бас мердігергетапсыру, жазатайым оқиға аз болатын ұйымдарға қаржылай сыйақы беруді ұсыныпотыр.

Соныменбірге, орталық басшысы ұжымдарда Өндірістік кеңес құруды заңмен міндеттеудіұсынды.

«Өндірістіккеңес арқылы жұмысшылардың еңбек қабілеттігін арттырып, қауіпсіздік талабынкөтеруге болады. Еңбек заңнамасында өндірістік кеңес туралы нақты заң болуықажет. Қазіргі уақытта өндірістік кеңес құру құқығы жұмыс берушінің еркінде.Яғни, қаласа – құрылады, қаламаса – құрылмайды. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтарұйымы тиісті ұсынымдар берді, Парламентте қаралады. Одан басқа, халықаралықеңбек ұйымының конвенциялары бар. Сондағы 175 конвенцияның Қазақстанда сегізіғана қабылданған. Сондықтан, халықаралық конвенцияларды барынша қабылдап,елдегі жұмысшылардың қауіпсіздігін көтеру қажет», - деді ол.

Т. Есентаевкәсіподақ жанынан ашылған медиация орталығы туралы айтып берді.

«Еңбекдаулары мен құқықтық қатынастардан туындайтын даудың алдын алу жөнінде ҚРжоғары сотымен бірге пилоттық жоба жүзеге асырып жатырмыз. Астаналық кәсіподақжанынан ашылған медиация (ымыраласу) орталығында әділдік іздеп келгенжұмысшыларға медиациялық көмек көрсетеміз. Жыл басынан бері орталыққа 5 мыңадам шағымданып, оның 2пайызы ғана (100 адам) сотқа жүгінді. Қалғандары өз мәселесін толық шешті», -деді Тастанбек Есентаев.

Кәсіподақкелтірген деректерге сәйкес, жыл сайын әлемде 3 млн жуық адам өндірістікқызметте мерт болады. Ал 370 млн астам адам өндірістік жарақат пен кәсібисырқатқа ұшырайды.

Қазақстандажыл сайын мың жарым адам жазатайым жағдайға ұшырап, 200-ден астамы көз жұмады.Кәсіби сырқатпен ауыратындар саны 300 мыңға жетті.