— Жаңашылдықтар еңбек қауіпсіздігін жетілдіруге, оқытатын ұйымдарға қойылатын талаптарды нақтылауға, нұсқаулық өткізу мен білімді тексеру тәртібін реттеуге, оқу нәтижелерін ресімдеудің бірыңғай тәсілдерін айқындауға, сондай-ақ біліктілікті растаудың ашықтығы мен қолайлылығын қамтамасыз ететін электрондық сертификаттарды енгізуге бағытталған, — делінген хабарламада.
Жобада көрсетілгендей, өзгерістер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 «Қызметкерлердің, басшылардың және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық өткізуді және білімін тексеруді жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына енгізіледі.
Бұйрық жобасы 2025 жылғы 11 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.
Айта кетейік, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу процесі толық автоматтандырылды.