Еңбек кітапшасы электронды нұсқаға ауысады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Еңбек кітапшасы электрондық түрге ауысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталындағы жеке кабинетке «Еңбек қызметі» деген атаумен жаңа бөлім қосылғанын хабарлайды. Енді «Электрондық үкімет» порталының пайдаланушылары жұмыс беруші мен оның арасында жасалған барлық еңбек шарттарын көру мүмкіндігіне ие болды», делінген хабарламада.

Ақпарат - жеке кабинеттегі «Еңбек қызметі» бөлімінде қолжетімді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ААЖ Еңбек шарттары бойынша деректер беретін ақпараттық жүйе болып табылады. Яғни, пайдаланушы осы ақпараттық жүйеден тартылатын мәліметтерді ғана көре алады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда еңбек кітапшасы алынып тасталып, оның орнына электронды еңбек келісімшартына өту көзделген.