«Биыл шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 21 мың деңгейінде белгіленді, яғни былтырмен салыстырғанда 0,9% кем. 2024 жылы коммерциялық секторда шетелдік жұмыс күшін тартуға 11 мыңға жуық рұқсат берілді. Шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі Қытай және Өзбекістан елдерінің азаматы, ал экономикалық секторға келетін болсақ олар құрылыс және өнеркәсіп шаруасына тартылған» , - деді Е. Абулхатин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, биыл 281 мың рұқсат еңбек мигранттарына жеке адамдардың үйінде жұмыс істеуі үшін берілді. «Аталаған мигранттардың көпшілігі Алматы облысы мен Алматы қаласында, Маңғыстау, Атырау, Түркістан облыстарында жұмыс істеп жүр», - деді ведомство өкілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанға жоғары білімі бар адамдардың көшіп келу көрсеткіші өсті.