ОРАЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 11 мамыр күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келмек.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, екі күнге созылатын жұмыс барысында министр, алдымен Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округінде болып, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес салынған 60 үйді аралап, бағдарламаға қатысушылармен кездеспек. Сондай-ақ Пугачев ауылдық округінде «И.А.Шайдецкий» жеке кәсіпкерлігінің шұжық цехы мен Ақсай қаласындағы индустриялық паркінде жаңа жұмыс орындарының ашылу барысымен танысады.
Сапарының екінші күні Г.Әбдіқалықова Орал қаласындағы «Шапағат» медициналық-әлеуметтік мекемесі, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесінде және Орал ақпараттық технологиялар колледжінде болмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).