«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдердің толық көлемде және уақтылы төленуін қамтамасыз етсін. Жұмыспен қамтудың жол картасын әзірлеу қажет. Осы ретте жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында инфрақұрылым жобаларын іске асыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын күшейту керек», - деді Асқар Мамин.
Осы ретте Үкімет басшысы Еңбек министрлігі әкімдіктермен бірге азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қатаң қадағалауды ескертті.
«Біздің ортақ міндетіміз - әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамту. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығы орындалады. Зейнетақы мен жәрдемақының барлығы уақтылы әрі толық көлемде төленетін болады», - деді Премьер-Министр.