Еңбек министрлігінде Президент тапсырмаларын нәтижелі орындау мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.

Кеңеске Ауылшаруашылығы, Әділет, Қаржы, Ішкі істер министрліктері мен «Атамекен» ұлттықкәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ, бейнеконференция байланысырежимінде – өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдерімен Еңбекпен қамту басқармаларыныңбасшылары қатысты.

Бердібек Сапарбаевкеңес жұмысын аша отырып, халықтың жұмыспен қамтылуына және мұқтаж отбасыларға атаулыәлеуметтік көмек көрсетуге қатысты Президенттің бірқатар нақты тапсырма бергенінатап өтті.

«Біріншіжартыжылдықтың нәтижелеріне сүйенсек, бұл жұмыс бірқатар өңірлерде тиістідеңгейде жүргізілмей жатқанын көрсетіп отыр», - деді министр. Атап айтқанда, олжергілікті бюджеттен АӘК қоса қаржыландыру мәселелерін шешу, жәрдемақытағайындау мен төлеу кезінде бұзушылықтарға жол бермеу, артық төлем және заңсызтөленген қаражатты өндіріп алу, учаскелік комиссиялардың жұмысын жақсартуқажеттігіне назар аударды.

«Сондай-ақ,әлеуметтік келісімшарттар жасау және атаулы әлеуметтік көмек алушылардыңжұмысқа орналасуы бойынша шаралар Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында жәнеШымкент қаласында баяу іске асуда. Барлық көрсетілген кемшіліктерді 1 тамызғадейін шешу қажет. Министрлік бұл мәселе бойынша апта сайын талдау жүргізеді», -деп атап өтті Сапарбаев.

Сонымен қатар,кеңесте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықты жұмыспен қамтумәселелері қаралды.

Еңбек министрібірқатар өңірлерде бағдарлама көрсеткіштерінің орындалмай жатқанын атап өтті.Атап айтқанда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында қысқамерзімді оқыту жоспардың 15-20 пайызы деңгейінде ғана. Маңғыстау, ШығысҚазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік гранттар берубойынша көрсеткіштер төмен деңгейде.

«Ел ПрезидентіҮкімет пен әкімдердің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Мен барлықөңірлерді ол міндеттердің сапалы орындалуына ерекше жауапкершілікпен қараудысұраймын», - деп қортындылады сөзін министр.