«Менің ойымша, бұл мәселе тыңғылықты зерделеуді қажет етеді. Дегенмен қазіргі уақытта зейнет жасын көтеру қажеттілігі туындап отырған жоқ деп санаймын», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда еліміздегі зейнет жасы халықаралық ұйымдар деңгейінде қарастырылып бекітілген.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта министрлік бұған дейінгі бағытта жұмыс істеп, әлеуметтік салада қабылданған барлық бағдарламаларды жүзеге асыра беретіндігін баса айтты.
«Бұған қосымша бүгін Елбасының қабылдауында болғанымда біраз міндеттер алдыма қойылды. Соларды алдағы уақытта орындайтын боламыз», - деді С. Әбденов.