Еңбек заңын бұзған 15 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды - Астана

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы жұмысшыларының өміріне қауіп төндірген 15 құрылыс нысанының материалдары заң бұзушылық фактісі бойынша сотқа жіберілді.

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі Еңбек инспекциясы басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Құрылыстағы өндірістік жарақаттардың негізгі себебі құрылыс алаңындағы жұмыс қарқынының аса жоғарылығы және кәсіби тәуекелдің алдын алу жүйелерінің жоқтығы.

Бас мердігерлер құрылыс жұмыстарын орындауда көбіне шағын құрылыс ұйымдарын келісімшарт негізінде жұмысқа тартады. Осылайша олар қайғылы жағдай орын алғанда жауапкершілікті мойнына алмайды және әлеуметтік мәселелерді шешуден бас тартады.

2014 жылдың бірінші онкүндігінде Астана қаласы Ішкі істер басқармасы мемлекеттік еңбек инспекторларының өндірісте орын алған қайғылы оқиғалар материалдары бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 152 бабына сәйкес 48 қылмыстық іс қозғады. Оның ішінде 3 оқиға бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды қылмысық жауапкершілікке тарту үшін материалдар сотқа жіберілді.

Еңбек инспекциясы басқармасы алын алу шараларына баса назар аударады. Мемлекеттік инспекторлар қала прокуратурасы және ҚР құрылыс кәсіподақтары төрағаларымен құрылыс алаңдарын бірлесе аралайды. Осы уақытқа дейін еңбек ұжымдарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау заңдылықтарын түсіндіру бойынша өндірістік жарақатты азайтуға бағытталған 110 кездесу ұйымдастырылды.