Жазатайым оқиға 2023 жылдың 1 тамызында «EMC Agro» ЖШС-де болды.
Кәсіпорын басшылығы жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін төрт қызметкер шошқа кешенінің аумағынан шықпағанын анықтады. Оларды іздеу барысында шошқа кешені өндірісінің қалдықтарын жинауға және айдауға арналған кәріз құдығынан 4 қызметкердің мәйіті табылды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталып, қосымша хабарланатын болады.