Еңбек және халықты әлеуметік қорғау вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды,

деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сапар барысында вице-министр «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасына әлеуетті қатысушылар арасында оның жүзеге асырылу барысын түсіндіріп, әлеуметтік жұмыс орындардағы бос ваканциялармен және қысқа мерзімді курстарда кәсіби оқыту мүмкіндіктерімен танысты.

Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясына 8 арнайы орталық жұмыс істеуде. Оларда орталықтың қызметкерлері үшін қайта дайындау курстары ашылған, сондай-ақ азаматтар үшін мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Облыста және барлық аудандарда жұмыссыздар үшін жұмыспен қамту орталықтары құрылып, қызмет көрсетуде. Аталған мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ағымдағы жылы өңірде 300 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарланып, қажет етілетін мамандықтарға оқыту үшін қаржы бөлінген. Сонымен қатар облыстың болашағы бұлыңғыр аудандарынан келген мамандарға үй салу мәселесі де қарастырылған. Ал сол ауданда тұратын, бірақ мамандығы жоқ тұрғындарға білім алуға көмек берілетін болады.

Б.Нұрымбетов жұмыс сапары барысында «Жұмыспен қамту-2020»: оны жүзеге асырудың негізгі тәсілдері» тақырыбында семинар кеңес өткізді. Оған бюджеттік бағдарламаның әкімшілері, Қызылорда қаласының және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары, ауыл әкімдері, жұмыспен қамту орталықтарының директорлары қатысты.