деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр сапарының негізгі мақсаты - «Жол картасы» бағдарламасы бойынша аймақта жоспарланған жұмыстардың жай-күйімен танысу.
Сапар барысында Г.Әбдіхалықова облыс әкімі Б.Ізмұхамбетовпен, «жол картасы» бюджеттік бағдарламасының әкімшісімен кездеседі. Сонымен қатар, Орал қаласындағы С.Датов, М.Мәметова, В.Чапаев атындағы алаңдардың, №16 орта мектептің, №3 емхананың, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның жаңарту жұмыстарымен танысады.
Батыс Қазақстан облысындағы «жол картасы» шеңберіндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 8823 адам жұмыспен қамтылған. Аймақта құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына 3 275 адам орналастырылып, 1 269 адам дайындықтан және қайта дайындықтан өткен, ал 1 211 адам жастар тәжірибесіне жіберілген.