Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қоғамдық қабылдау өткізді

АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ -  Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіхалықова  қоғамдық қабылдау өткізді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің қабылдауында 13 адам болып, әңгіме арқауы негізінен әлеуметтік тұрғыдан қорғау, көші-қон, зейнетақының көлемін арттыру, әлеуметтік аз қамтылған жекеленген азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету, жәрдемақы және материалдық көмек көрсету мәселелері төңірегінде өрбіді. Қабылдау барысында министр азаматтарды толғандырған сауалдар бойынша тиісті мекемелерге тапсырма беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің азаматтарды қоғамдық  қабылдауы айына бір рет өткізіледі. Бұдан тыс азаматтар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын ғаламтордағы министрдің жеке блогына қойып, жауап алуларына болады.