Салтанатты шара барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қоғам өміріндегі алатын орнына тоқталған министр «әлемде болып жатқан түрлі оқиғалар мен жаңалықтарды қалың көпшілік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп, біліп отырады. Осы тұрғыдан алғанда ақпарат құралдары қоғам мен билік арасындағы байланысты қалыптастырушы деуге болады. Сондықтан мен сіздерге қаламдарыңыз мұқалмасын, ойларыңыз ұшқыр болсын деген тілегімді білдіремін»,-деді.
Шара барысында министр бірқатар ақпарат құралдарының өкілдеріне алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырды.