Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылары, ҚР Қорғаныс министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі агенттігінің өкілдері атсалысады. Басқосуда ҰОС ардагерлері мен қатысушыларына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарының барысы талқыланады, оның ішінде ардагерлерді баспанамен қамтамасыз ету, мерейтойлық шараларға тегін жол жүруді ұйымдастыру шаралары жайында әңгіме болады.
16:12, 24 Сәуір 2010
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Жеңістің 65 жылдығына орай атқарылатын шаралар талқыланады
АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Дүйсенбі, сәуірдің 26-сында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай атқарылатын шаралар талқыланады. Бұл үшін министрлікте арнайы баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.