Ұлттық статбюро мәліметінше, IV тоқсанда аптасына нақты жұмыс істеген сағат саны орта есеппен жұмыспен қамтылғандардың біреуінде - 39 сағат, жалдамалы қызметкерлер арасында - 41 сағат, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында 34 сағатты құрады.
Толық жұмыспен қамтылмағандар саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,9% өсіп, 268,9 мың адам болды.
IV тоқсанда жұмыссыздық деңгейі (ХЕҰ әдістемесі бойынша) 0,1 п.т төмендеп, 4,8% құрады.
Жұмыссыздар саны - 456,1 мың адам.
Жұмыссыз жүрсе де, оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адам саны (потенциалды жұмыс күші) III тоқсанмен салыстырғанда 19,3% азайып, 39,5 мың болды.
15-28 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі III тоқсанмен салыстырғанда 0,1 п.т төмендеп, 3,8% құрады.
NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі 0,4 п.т төмендеген - 6,3%.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы қаңтар айының соңына 212,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Олар - жұмыс күшінің 2,3 пайызы.