Министрдің айтуынша, өткен жылы халықты жұмыспен қамту деңгейі артқаны байқалды. Бүгінгі таңда 95 пайыз еңбек етуге қабілетті қазақстандық азаматтың жұмысы бар. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 250 мыңнан астам адам жұмысқа орналасса, Экономикалық қызметтің түрлері бойынша орташа айлық жалақы 108,640 теңгені құраған.
«Бүгінгі таңда 4 млн-ға жуық адам түрлі әлеуметтік төлем түрлерін алады. Екі жүз мыңдай отбасы 4 және одан көп бала тәрбиелеп отыр. 90 мыңнан астам адамға тегін арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі»,- деді Тамара Дүйсенова.