Бұл туралы бүгін Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде асбесті пайдалануға қатысты құжатты талқылау барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша еңбек инспекторларының саны 343 адам. «Өкінішке орай бұл бұл жеткіліксіз. Себебі бізде 245 мың кәсіпорын бар болса, біз жылына оның 20 мыңын тексере аламыз. Бұл дегеніңіз тексеруге жататын нысандардың 9-10 пайызы ғана, тіпті одан да аз. Яғни, математикалық есепке салатын болсақ, біз әр мекемені 10 жылда бір-ақ рет тексеріп отырмыз», - деді министрдің орынбасары.