Филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев бүгін Алматыда "Мұхтар Әуезов" энциклопедиясының таныстырылымында осылай айтты.
"Рухани байлықты танытудан артық ешқандай құбылыс болмайды. Мұхаң қазақ әдебиетін әлем әдебиетіне қосып кетті. Ел болған соң, жұрт болған соң алдымен өзімізді-өзіміз танып барып өзгеге танытуымыз керек. Мұқаңа байланысты шындықты да анық, ашық айтуымыз қажет. Мұқаңның жолы өте қиын болды", - дейді Т. Кәкішев. Ғалымның айтуынша, Мұхаң Алаш та болды, коммунист те болды, тіпті өмірінің соңғы кездерінде орысшыл боп, орыс реализмнің қазақ әдебиетін өркендетудегі рөлін көтерді. Оның бәрі уақыттың табы. Біз оның бәрін аршып, жарқыратып көрсетуіміз керек. Тарихи шындық ащы. Ол ең алдымен өзіміз үшін керек.