Бұйрыққа сәйкес, спорт түрлері бойынша спортшылардың жас мөлшеріне қатысты өзгерістер жасалды. Бұдан былай боксшылар 11 жастан бастап жарыстарға қатысатыны белгіленді. Бұл шешім жас спортшылардың денсаулығын сақтау және жарыс жолына дайындығын тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін боксшылар 13 жастан бастап ресми түрде жарыс алаңына шығу мүмкіндігіне ғана ие болған.
Айта кетелік Қазақстан чемпионатында бір салмақ дәрежесінде жеті рекорд жаңарды.