Енді конституциялық іс жүргізу тек мемлекеттік тілде өтеді

Фото: Фото: Конституциялық сот

АСТАНА. KAZINFORM – Конституциялық іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Конституциялық Сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекеттік тілді меңгермеген қатысушылар үшін Конституциялық Сот олардың ана тiлiнде немесе олар меңгерген тiлде аударманы қамтамасыз етедi», — делінген хабарламада.  

Бейнероликте Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері аударма процесін қалай жүргізетінін көруге болады.