ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан астанасы Ташкентте айына бір рет «Автокөліксіз күн» жобасы өткізіледі. Оның барысында барлық билік органының басшылары мен қызметкерлері жұмысқа қоғамдық көлікпен келуі тиіс. Аталмыш жобаны ұйымдастыру туралы жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 21 ақпан күні қол қойды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар хабарлады.
Мұндай талап зиянды көлік газдарының ауа сапасына тигізіп жатқан теріс әсерін азайту мақсатында енгізілді. Бұл бастамаға қоғам өкілдері мен экобелсенділер қолдау білдірген.
Осыған байланысты кеңсесі Ташкентте орналасқан барлық республикалық және жергілікті атқарушы билік органының басшылары мен өзге де қызметкерлеріне қоғамдық көлікпен жұмысқа бару арқылы көпшілікке үлгі көрсету тапсырылды.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.