Астронавтар алдарына қойылған барлық міндеттерді орындады, атап айтқанда, станса корпусына параболикалық антенна орнатты. Ғарышкерлердің ашық космосқа шығуы Айдың бетіне адамның алғаш рет аяқ басуының 40 жылдығына арналған.
Адамзаттың аяғы Айдың бетін алғаш рет 1969 жылы шілденің 21-інде басқан болатын. Арнаулы ай модулімен жарақталған американдық « Аполлон-11» ғарыш кемесімен Айдың бетіне қонған алғашқы адамдар Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин болған.