«Әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасы қымбаттаған соң, әкімдік бірқатар шараларды қолға алып отыр. Біріншіден, қала әкімі тапсырма беріп, қалада өтетін апта сайынғы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі енді күн сайын өтетін болды», - деп хабарлады ол.
Әкім орынбасары хабарлағандай, осыған дейін Астанада 39 жәрмеңке өткен, ол жәрмеңкелерде 336 тонна өнім нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатылған екен. «Екіншіден, жәрмеңкелер өтетін орындарды көбейттік. Енді Астананың алты ауданында жәрмеңке өткізу үшін орындар белгіленді», - деп хабарлады А.Лукин.
Сондай-ақ, Астанаға өңірлерден тауар жеткізушілердің кестесін белгіленіп отыр. Қазір Қазақстанның сегіз өңірінен Астанаға азық-түлік тауарлары тікелей келеді деген келісімге қол жеткен.
Естеріңізге сала кетейік, елорда әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша, Астана әкімдігінің жанына азық-түілік бағасын тұрақтандыру үшін жедел штаб құрылған. Штабты қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин басқарады.
19:03, 22 Шілде 2016
Енді Астанада азық-түлік жәрмеңкесі күнде өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрын сенбі-жексенбі күндері ғана өтетін Астанадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі енді күн сайын өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.