«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасының электрондық қызметтер және сервистер жөніндегі орынбасары Талғат Исмағамбетов бұл жаңалықтың артықшылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл үшін интернетке қолжетімділік пен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) ғана қажет. Бұдан басқа, енді нотариус пен ТЕБ жүгінудің керегі жоқ. Өтінім берушіге сондай-ақ белгілі-бір құжаттардың көшірмесін жасау керек емес, электрондық форманың қажетті алаңдарын толтырса болды. Қызметті қолдану үшін egov.kz порталында тіркелгеннен кейін «Көлік және коммуникация» тарауындағы «Автомобиль көлігі» салымына кіріп Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеулері қоспағанда, cенімхат бойынша көлік құралын басқарушы тұлғаларды тіркеу дегенді шерту керек. «Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасына ауысқаннан кейін пайдаланушы сенім берілген тұлғаның ЖСН, мекенжайын және көлік құралының мемлекеттік нөмір белгісін, сериясы мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік нөмірін көрсету қажет. Содан кейін өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады. Өтінім саналған секундта ғана өңделеді, өтінім беруші порталдағы жеке кабинетте дайын сенімхатпен таныса алады немесе басып шығара алады. Қызмет тегін көрсетіледі. Барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады, қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.
13:44, 11 Маусым 2014
Енді автокөлікті жүргізу үшін берілген сенімхатты онлайн түрде алуға болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның электрондық үкімет порталында ҚР ішкі істер министрлігінің жаңа онлайн-қызметі іске қосылды. Қызмет портал пайдаланушыларына автокөлікті жүргізу үшін берілген сенімхатты өздігінен алуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ационерлік қоғамының басасөз қызметі хабарлады.