Министрлік гранттарды сараланған тәртіппен беру жобасын әзірлеген. Оған сәйкес, жалпы білім беру тапсырысындағы гранттар «Базалық», «Дарын» және «Қамқор» болып бөлінеді.
Сараланған грант түрлері мынадай арақатынаста беріледі:
- базалық гранттардың жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 50%;
- «Дарын» гранттарының жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің 10% аспайды;
- «Қамқор» гранттарының жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 30% құрайды.
Бұл ретте министрлік енгізілгелі отырған сараланған білім беру грантына қатысты түсініктеме берген.
Құжат 21 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.