Енді бизнес бизнесті тексереді
«Бүгінгі таңда, кімде-кім өз ісін ашқысы келсе, салықты қалай төлейтінін шатастырмауы керек. Бұл жеңіл және оңай істелуі қажет. Сондықтан біз идеологияны өзгертуді, ынталандыруды енгізуді және әкімшілендіруді оңайлатуды жоспарлап отырмыз. Идеология адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталады. Барлық түсініксіз жерлері мен ауытқулар салық төлеушінің пайдасына шешілетін болады. Мұндай қағидат салықтық дауларды әділ қарауға мүмкіндік береді. Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет еткен болса және соның салдарынан ұстаным өзгерген болса, айыппұлдар мен өсімпұлды қолданбау ұсынылады», - деді Дәленов.
Сонымен қатар, несиелендіруді ынталандыру үшін банктердің проблемалық активтерін сатудан түскен шартты (жеңіл) кірістерге табыс салығын салмау қарастырылады. Сондай-ақ жеңілдіктерді жаңғыртуға қатысты нақты өзгерістер арқылы олардың тиімділігін арттыру ұсынылып отыр. Бұл АЭА-лардағы кірістерді бөлек есептеуге, мүлік салықтарына, әлеуметтік салық пен эксаумақтылық режімдеріне қатысты. Аукциондардан алынатын алымдар мен кеме жүзетін су жолдарын пайдалану төлемдері жойылады.
«Сондай-ақ әкімшілендіру елеулі түрде жеңілдетілетін болады. Әкімшілендіру қателіктерден құрылмауы тиіс. Салық төлеуге көмектесу қажет. Тексерістердің бір бөлігін аусорсингке беру қажет, бизнес бизнесті тексергені дұрыс. Қалған салықтық тексерулер үш бағытты болады. Адал бөлікті тексермеу керек. Орта бөлікті тек ішінара тексеру қажет және салық төлеуге жәрдемдесу қажет. Ал «қызыл» аймақтағылар тексеруге алынуы тиіс. Кімнің қайда қарайтындығының нақты ережелерін белгілеу қажет, сосын бизнесмен «жасыл» аймақта болуға ұмтылатын болады»,-деп түсіндірді вице-министр.
Сондай-ақ жаңа кодексте салық консультанттары, қашықтықтан аудит жүргізу институты енгізіледі, салықтық несиелер енгізу көзделеді.