Енді Қазақстанда тиімді сот орындаушысын анықтауға болады
Өндіріп алушы оның іс жүргізуімен кім айналысатынын өзі анықтауға құқылы (Жеке сот орындаушыларының арасында атқарушылық құжаттарды бөлу қағидаларының 6-тармағы).
«Бұл таңдау анағұрлым салмақты болуы үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің service.pravstat.kz Ақпараттық сервисінде «Жеке сот орындаушысы жұмысының тиімділігі» жаңа ресурсы құрылды. Өндіруші осы сервисті пайдалана отырып өз өңіріндегі барлық жеке сот орындаушыларының тізімімен танысуға және олардың жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік алады»,-деп хабарлады комитеттің бапасөз қызметі.
Өңірді таңдағаннан кейін экранда осы аймақта қызметін жүзеге асыратын орындаушылардың тізімі және олар орындаған құжаттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Жеке сот орындаушысының орналасқан жері (заңды мекенжайы) туралы мәліметтер ҚР Әділет министрлігінің adilet.gov.kz. сайтында «Жеке сот орындаушыларының байланыс деректері» қосымша бетінде орналасқан.
«Бас прокуратураның Комитеті халықтың пайдалануы үшін ыңғайлы ақпараттық сервистерді жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлаймыз»,-делінген хабарламада.