Энди Маррей Уимблдон финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық теннисші Энди Маррей өз тарихында үшінші рет Уимблдонда ойнайды.

Жұма күні 2013 жылдың жеңімпазы чехиялық года Томаш Бердыхты 6-3, 6-3, 6-3 есебімен жеңді.

Өзінің алғашқы 2012 жылғы Уимблдон финалында Маррей Роджер Федерерге жол берген болатын, алайда келесі жылы Новак Джоковичты жеңіп, кубокты иеленді. Осылайша, Маррей 11-ші рет Үлкен шлем финалында бақ сынағалы отыр. Әзірге Э.Маррей қоржынында екі жеңіс бар: Уимблдон-2013-тен бөлек, теннисші 2012 жылы АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жеткен еді.

Жексенбі күні турнирдің қорытынды ойынында Маррей жартылай финалда 6-3, 6-7 (3), 4-6, 7-5, 6-3 есебімен Уимблдонның жеті дүркін чемпионы Роджер Федерерді жеңген Милош Районичпен кездеседі.

Маррей мен Раонич үш апта бұрын Корольдік кортта кездескен және британдық теннисші үш сетте канадалық теннисшіні  жеңген болатын.