Әділет министрлігі ресми сайтының мәліметінше, егер бұдан бұрын некеге тұруға тілек білдірген тұлғалардың біреуімен неке қиюды тіркеу туралы өтінішке үй кітабы не мекен-жай кеңсесінен анықтама қоса берілсе, онда қазір неке қиюды тіркеу (ерлі-зайыптылық) туралы өтінішті Қазақстан Республикасы аумағында кез келген тіркеу органына беруге болады.
Бұл үшін өтінішке жеке басын куәландыратын құжат, бұдан бұрынғы некелері туралы анықтама (егер ондай болса), балалары туралы мәліметтер (егер болса) қоса беру жеткілікті.
12:46, 24 Қаңтар 2012
Енді некені тіркеу туралы өтінімді кез келген тіркеу органына тапсыруға болады
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 17 қаңтарда күшіне енген «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексімен некеге тұруға өтініш беру мәселесі бойынша тұрғылықты жерінде тіркеу бойынша шектеу алынып тасталды.