Энди Уорхолдың «Бостандық мүсіні» туындысы 43 млн.-нан астам долларға сатылды

None
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - «Поп-арттың әкесі» атанған Энди Уорхолдың «Бостандық мүсіні» туындысы рекордтық сома - 43,7 млн. долларға сатылды. Сауда басталмас бұрын аукционшылар бұл туындының 35 млн. доллардан артық ақшаға ешкім алмайды деп пайымдаған болатын. Бұл туралы ВВС хабарлайды.

Бұл жеке коллекцияда қалған 1962 жылы қазіргі 3D форматында салынған Уорхолдың жалғыз туындысы. Аукционнның барысында бас-аяғы 412 млн. долларға лоттар сатылды. Сондай-ақ Christie's аукционында Джефф Кунс, Жан-Мишель Баския және Франц Кляйннің туындылары жаңа бағалық рекорд орнатты.