Энди Уорхолдың картинасы бәссаудада 32,6 миллион долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың атақты суретшісі әрі жазушысы Энди Уорхолдың «Бір доллар» (күміс сертификат) атты картинасы Sotheby's аукционында коллекция жинаушылардың біріне 32,6 миллион долларға сатылды.

Суретші оны 1962 жылы салған болатын. Бір айта кетері, бәссаудада бұл шығармаға 4 коллекционер таласқан. Оның бастапқы бағасы 18 миллион доллар болған. Сауда барысында екі есеге көтерілді.

Сондай-ақ бәссаудаға Энди Уорхолдың бұдан өзге де ондаған картиналары қойылды. Бр қызығы, бәрі де банкноттар. Олардың сегізі сатылды.