Енді ұрлық істегендердің қолы шабылады

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах елдің қылмыстық заңнамасына шариғат талаптарын енгізетінін жария етті. Muslim.kz сайтының жазуынша, жарты жылдан кейін қолданысқа енетін өзгерістер кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Жаңа заңнамаға орай, енді зина жасағандарға тас жаудырылса, ұрлыққа барғандардың қолы шабылады. Ал ішімдік ішкендерге дүре соғылмақ. Шариғатқа негізделген жаза түрлері осы елдегі тұрғындардың 70 пайызын құрайтын мұсылмандарға ғана қолданылатынын айта кету керек. Қылмысқа барған наным-сенімі өзге тұрғындар азаматтық заңнама бойынша жауапқа тартылатын болады.