Аталған заң жобасы қолданыстағы барлық заңдар мен заң актілерінің қабылдануы мен қолданылу және күшін жою тәртібін регламенттейді. Құжат мемлекеттік органдардың норма шығару қызметін жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ ол мемлекеттік органдардың нормативті-құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі өкілеттіктерінің ара-жігін ажыратады. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдар өздерінің заң жобаларын арнайы веб-сайтында орналастыруға міндетті болады. Мұндағы мақсат осы шара арқылы заң жобаларының ережелерін қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен және бұқара халықпен бірлесіп талқылау болып отыр.
Сонымен қатар, норма шығару қызметін сапалы жүргізу және мемлекеттік органдардың артық норма шығаруын болдырмау мақсатында заң жобасында оны іске асыруға қатысты барлық нормативтік-құқықтық актілерді ұсыну ережесі енгізіліп отыр.