«Бұдан былай, техникалық қарап тексеруден өткізу кезінде көлік салығын төлеу туралы құжатты операторға ұсыну талап етілмейді: тек автомобильдің өзін және оның техникалық төлқұжатын ұсынсаңыз жеткілікті болады. Сонымен қатар, техникалық қарап тексеру туралы куәліктің қағаз бланкілерін беру жойылды. Операция ойдағыдай өткен жағдайда көлік иесіне диагностикалық карта беріледі. Өз кезегінде, техникалық қарап тексеруді өткізуді тексеру бірыңғай ақпараттық жүйеге сұрату арқылы орындалады»,-делінген ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінде.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының жақындағы тапсырмасына сәйкес, міндетті техникалық қарап тексеру шыққанына 7 жыл толмаған автомобильдер үшін тоқтатылатын болады. Жол жүрісі туралы заңға тиісті түзетулерді осы жылдың соңына дейін енгізу жоспарлануда.
Белгілі болғандай, жылдың басынан Қазақстанда міндетті техникалық қарап тексеруге 1,6 млн. шамасында жеңіл автомобиль ұсынылды, оның 1,4 млн-ы міндетті техникалық қарап тексеруден сәтті өтті.