«Енді автосалоннан жаңаавтомобиль сатып алатындар оны бірден тіркеуге қойып, құжаттарын жасата алады. Бұрынжаңа көлікті автосалоннан рәсімдеген кезде мамандандырылған ХҚО-ға бару керекеді. Енді автосалонда мемлекеттік корпорацияның бір қызметкері жұмысістеп, есепке қою операцияларын жүзеге асырады. Көліктің техникалық құжаты менмемлекеттік тіркеу нөмірі дайын болған сәтте оны салонға курьер жеткізіп береді», - делінген хабарламада.
Әзірге бұл қызмет Нұр-Сұлтан қаласындағы автосалонда көлік сатып алатындар үшін қолжетімді.Таяу арада бұл жоба, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында іске қосылатынболады.