«Энеко тур көпкүндігінде «Астана» велоклубының намысын 8 спортшы қорғайды

None
АЛМАТЫ. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Голландия мен Бельгияда  6-12 тамыз күндері велоспорттан «Энеко тур» көпкүндігі болады.

Онда  «Астана» кәсіпқой велоклубы намысын қазақстандық Дмитрий Груздев, Сергей Ренев, Валентин Иглинский,  Дмитрий Муравьев,  эстониялық Танел Кангерт, итальяндық Якопо Гуарниери мен Симоне Понци және ресейлік Евгений Петров қорғамақ.

 «Энеко тур» көпкүндігі UCI Pro Tour және UCI World Ranking күнтізбесіне кіретін жарыс. Тамырын 1945 жылдан бері өтіп келе жатқан Голландия  турынан алатын бұл дүбірлі доданың қазіргі атауы 2005 жылдан бері өзгерген болатын. Ал өткен жылы жекелей сында жалпы жіктелімде норвегиялық Эдвальд Боассон екінші рет турнир жеңімпазы атанған еді.