«Энеко тур» көпкүндігінің бірінші турында «Астана» велоклубының шабандозы мәре сызығын 9-болып кесіп өтті
16:57, 07 Тамыз 2012
АЛМАТЫ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше велоспорттан Голландия мен Бельгия аумағында өтетін «Энеко тур» көпкүндігінің 203,90 шақырымдық 1-туры өтті.
Онда кәсіпқой 20 велоклубтың 208 спортшысының арасында «Астана» велоклубының итальяндық шабандозы Якопо Гуарниери мәре сызығын 9-болып кесіп өтті. Бүгін Лимбург қаласында 18,9 шақырымдық 2-туры өтіп жатыр.
Жексенбіге дейін созылатын бұл дүбірлі додада «Астана» намысын 8 спортшы қорғауда. Олар қазақстандық Дмитрий Груздев, Сергей Ренев, Валентин Иглинский, Дмитрий Муравьев, эстониялық Танел Кангерт, ресейлік Евгений Петров және Якопе Гуарниеридің отандасы Симоне Понци.
Қазір турнир кестесінде «Argos-Shimano» командасынан германиялық Маркел Киттел көш бастап келеді. 2-3 орында «FDJ-BigMat» командасынан франциялық Арнауд Демаре мен ВМС командасынан американдық Тайлор Пинней тұр.